АЛТЫНОРДА
Новости

Қытайдағы қазақтың 90%-дан астамы елге көшіп келгісі келеді

Қытайдағы қазақтың 90%-дан астамы елге көшіп келгісі келедіҚытай қазақтарының 90 пайызы Қазақстанға көшіп келуді ойлайды. Көрші елде тұратын қазақтар арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы анықталды деп жазады Қамшы сайты.

Wechat әлеуметтік желісі арқылы жүргізілген сауалнамада Қытайдағы қандастардың қанша пайызы Қазақстанға көшіп келуді ойлайтыны белгілі болды.

29 қаңтардан 2 ақпанға дейін жүргізілген сауалнамада  “Қазақстанға көшу керек пе?” деген сұраққа “Көшу керек” деп 6071 адам дауыс беріп, 79% қатысушының елге көшуді ойлап жүргені анықталған.

“Керек емес” деп 671 адам дауыс берсе, 8% қатысушы Қытайдағы қазақтың елге оралуға әлі дайын емес екенін көлденең тартқан. “Маған бәрі бір” батырмасын 896 адам басқан, 11% дауыс беруші нақты бір шешім қабылдамағанын білдірген.

Wechat әлеуметтік желісінің Қытайдағы қолданушылар арасында танымалдығы Facebook желісінен кем емес екенін ескерсек, бұл сауалнама нәтижесі шындыққа жанасады деп сенімді түрде айтуға болады.

Источник: NUR.KZ

http://www.qazaquni.kz/?p=33052