АЛТЫНОРДА
Новости

Қытайлық компаниялардың қатысуымен Қашағаннан мұнай өндіру көлемін 40 млн. тоннаға жеткізуге болады — Н.Назарбаев

ШАНХАЙ. 20 мамыр. Baq.kz — Болашақта ірі кен орны Қашағаннан қытайлық компаниялардың қатысуымен мұнай өндіру көлемін 40 млн. тоннаға жеткізуге болады. 

Ал ол үшін құбыр қажет. Біз мұны 19 мамыр күні ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен талқыладық, деді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қытайлық Ғаламтор пайдалаушылармен онлайн сұхбат барысында.

«Қытай алдында маңызды міндеттердің бірі дамушы экономиканы энергия ресурстармен қамтамасыз ету тұр. Қазақстан бұған қатысып, қытай экономикасына көмек бере алады. Біз қазірдің өзінде Қазақстан арқылы ҚХР-ға газ құбырын, Каспийден Қытайға дейін мұнай құбырын салдық. Өткен жылы біз Қытайға 13 млн. тонна мұнай жеткіздік және оны 20 млн. тоннаға да жеткізе аламыз», — деді Н.Назарбаев.

Сонымен бірге Елбасы Қазақстанның көмір кеніне де бай екендігін әрі көмір өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты дамыту бағытында қытайлық компаниялармен келіссөздер жүргізгенін атап өтті.

«Қазақстанда ірі уран кеніші бар және біз Қытайдың АЭС құрылысы бойынша ауқымды жоспары бар екенін білеміз. Біз қытайлық компаниялармен Қазақстанда ядролық отын өндірісінің ірі циклін құруды жоспарлаудамыз» — деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, қазіргі таңда екі ел арасындағы сауда көлемі 29 млрд. долларға өсіп отыр. «Біздің міндетіміз — Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемін 40 млрд. долларға дейін жеткізу», — деді Н.Назарбаев.

http://baq.kz/kk/news/47398