АЛТЫНОРДА
Новости

«Қыз Жібекті» халық арасынан іздеп жатыр

АСТАНА. 1 ақпан. BAQ.KZ – Әлемге әйгілі италиялық режиссер Франко Драгоне қазақтың тұңғыш ұлттық «Қыз Жібек» операсын көрерменге жаңа нұсқада ұсынбақ. Сондықтан оны орындайтын әншіні өзі іздеуге кіріскен. Бір қызығы, шетелдік мейман басты рөлге елге есімдері белгісіз таланттарды тартпақшы. Бірақ бүгін басталған кастингке режиссердің өзі қатыса алған жоқ.

Бір ерекшелігі «Қыз Жібек» операсын орындауға үміттілердің жасы отыздан аспауы тиіс. Және ол халық арасынан таңдалады. Ал, «Астана опера» театрының «Қыз Жібегін» анықтау италиялық танымал режиссерға бұйырыпты. Алайда, аяқ асты сырқаттанып қалған ол бүгінгі кастингке келе алмады.

 

Төлеген Мұхамеджанов, «Астана Опера» театрының директоры:

 

–Франко Драгоненің қойылымдарына дүнежүзінде 15 миллион көрермен қатысыпты. Осы биылғы жылы олардың алға қойған мақсаты 10 милион адам көрермен болады екен. Ол дүниежүзіне өте танымал режиссер болған соң, біз де ойлап отырмыз, енді осы «Қыз Жібекпен» талай үлкен сахналарды тамашалаймыз.
Осылайша, «Астана опера» театры «Қыз жібек» ариясын әлемдік сахнаға алып шығуды көздеп отыр. Оның орындаушысын жаһанға танымал етпек ойда. Ал отандық мамандарға атақты режиссердің ұлттық салт-дәстүрімізді зерттеп, зерделегені қатты ұнапты. Ал, қойылымның өзі күзге қарай жоспарланған.

http://baq.kz/kk/news/42953