АЛТЫНОРДА
Новости

Ливиялық салафиттер сопылар көсемінің мазарын жарып жіберді

АСТАНА. 29 наурыз. BAQ.KZ – Ливияда XV ғасырда өмір сүрген әйгілі дінтанушы, сопы Сиди Мұхаммед әл-Андалузидің кесенесі қиратылды. Тарихи нысанда үш бомба жарылып, ғимараттың түк қалмаған. 

 

Жергілікті билік өкілдері мұндай вандалдық әрекетке салафиттерден өзге ешкім бармайтындығын айтып отыр. Олар бұдан бұрын да қаншама әулиенің мазарын қиратқан болатын дейді шенеуніктер.
Мәселен, өткен жылдың жаз айларында радикалды көзқарастағы салафиттер Триполидің қақ ортасында орналасқан медресенің түгін қалдырмай тонап, оның ауласындағы сопылардың моласын «тегістеп» кеткен еді.

 

http://baq.kz/news/25446