АЛТЫНОРДА
Новости

Мәдениет, руханият және келісім мәдениеті

ассамблея

2014 жылғы 18 сәуірде Астана қаласында Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Қазақстан – 2050» cтратегиясы: мәдениет, руханият және келісім мәдениеті» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтеді.

Оның жұмысына барлық аймақтардан Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция және БАҚ қатысады.

Сессия соңынан Бейбітшілік және келісім сарайында салтанатты концерт өтеді.

ҚХА-ның ХХ сессиясы қарсаңында 17 сәуірде Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Сессия бағдарламасы аясында аймақтық делегат-қатысушылар үшін бекітілген орталық мемлекеттік органдар басшыларымен, Ассамблеядан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарымен кездесулер, Астана қаласының көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылады.

____________________