АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Мәжілістің жаңа вице-спикері қызметтік көліктен бас тартып, тек қана автобуспен жүретінін айтты

Мәжілістің вице-спикері болып сайланған photo_77870жаңа қызметін атқару барысында столдан секірмейтінін және тек қана автобуспен жүретінін айтты. Бұл туралы total.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін жаңа қызметіне тағайындалған вице-премьер столдан секірмеуге және жиналыстан кешікпеуге уәде берді.

Абай Тасболатов спортпен айналысатынын, күн сайын таңертең жүгіретінін де жасырмады. Жақында болып өткен қайырымдылық марафонында ол 21 шақырымнан аса қашықтықты жүгіріп өткен.

Сонымен қатар, мәжілісмен қызметтік көлікті пайдаланбайтынын, қаланың ішінде тек қоғамдық көлікпен жүретінін айтты.

«42-ші, 31-ші, 30-шы және 10-шы бағыттағы автобустарда жүремін», – деді ол.

Абай Тасболатов өзінің жеке қызметтік көлігі мен жүргізушісі болатынына қарамастан, өз әдетінен жаңылмай, қоғамдық транспорттан бас тартпайды екен. Ол тіпті журналистермен фотоға түсуге де келісімін берген.

Еске сала кетейік, Абай Тасболатов бүгін мәжілістің вице-спикері болып тағайындалған еді.

Алаш Айнасы