АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Мектеп пен колледждерде сабақ тоқтатылды

b1dbe5e313fb0e0a26b2b36062a36d3a_XL«Бүгін өңірде ауа райының күрт суытуына байланысты мектептерде сабақтар тоқтатылды», — деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Өскеменде ауаның температурасы -30 градус, онда 1-2 ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары үшін сабақтар жүргізілмейді, Семейде одан бір градус төмен — мұнда екі ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары, колледждердің І және ІІ курс студенттері үшін сабақ тоқтатылған.
Зырянда 33 градус аяз, онда 1 және 2 ауысыммен оқитын 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.
Риддерде 30 градус аяз, 1-2 ауысыммен оқитын 1-11 сынып аралығындағы оқушылар үшін сабақ тоқтатылған.
Өңірдегі 20 қаңтарға арналған гидрометеоболжам: солтүстіктен 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауаның температурасы 33-38 градус, кей жерлерде 23-28 градус, күндіз — 25-30 градус, кей жерлерде 15-20 градус аяз болады, жауын-шашынсыз, кейбір жерлерде тұман түседі.
ҚазАқпарат