АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

МЕКТЕПТЕР МӘСЕЛЕСІ ҮШ ЖЫЛДА ШЕШІЛЕДI

мектеп«Қазақстандағы үш ауысыммен оқитын және апатты жағдайда тұрған мектептердің мәселесі алдағы үш жылда шешіледі», — деп хабарлады Премьер-министрдің орынбасары Ербол Орынбаев Мәжілістің пленарлық отырысында.
«Парламентте бюджет жобасын (ҚР 2014-2016 жылдарға арналған бюджеті) талқылау барысында барлық ұсыныстар, оның ішінде үш ауысымдық мектептер, апатты жағдайдағы мектептер және сейсмикалық күшейтуге қатысты мәселерді шешу толық ескерілді. Менің қолымда бар ақпарат бойынша, қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамасы бар жергілікті атқарушы органдар берген барлық өтінімдер толық ескерілді.
Мен алдағы 3 жылда үш ауысымдық мектептердің, апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі толық шешіледі деп ойлаймын», — деді  Е.Орынбаев 2014-2016 жылдарға арналған бюджетті талқылау барысында.  Вице-премьердің айтуынша, қайта дайындық курсынан өтіп, емтиханды сәтті тапсырған мұғалімдердің еңбекақысын көтеру де жоспарланған. «Бәрінің бірдей еңбекақысын жайдан-жай көтере салу дұрыс емес. Өз біліктілігін жаңа жүйе бойынша далелдей алған оқытушылардың ғана жалақысы өседі», —  деді ол

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz

.