АЛТЫНОРДА
Криминальные новости

Мемлекетаралық іздеуде болған қылмыскер Ақмолада ұсталды

скачанные файлы (1)Бұланды ауданының көші-қон полициясы армян азаматын қолға түсірді. Құқық қорғаушылары базаны тексерген кезде мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер алдарында тұрғанын анықтапты. Бұл туралы бізге Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады
Іздеуде жүрген қылмыскер осы жылдың 24 мамырында келген. Бірақ полиция қызметкерлері оның шекара бекетінен судан-ақ сүттен таза болып қалай өтіп кеткенінен хабарсыз. Шекара бекетінде өту кезінде де ешқандай кедергілер болмаған. Осылайша, қауіпті қылмыскер екі ай бойы Бұланды ауданында тұратын туысқан ағайынының үйінде жата берген. Кері қайтарда көші-қон полициясына соққан жігіт артынша бармағын шайнап қалды. Арнайы базада Бабкеннің Арменияның қылмыстық кодексінің 178 бабының 1 тармағына сәйкес аса ірі көлемде алаяқтық қылмыстар жасағаны үшін іздеуде екенін анықтайды.
Дереу қолына кісен салынған жігіт алдымен аудандық ішкі істер бөлімінің оқшаулау камерасына тоғытылып, кейіннен Көкшетау қаласына ауыстырылыпты. Қазіргі уақытта қылмыскерді Армения республикасына қайтару туралы мәселелер мен шекара бекетінен қалай өтіп кетуі туралы тергеу амалдары жалғастырылуда.
Абзал Алпысбайұлы
Ақмола облысы

http://munara.kz/