Миллион доллар үшін сіз неге барар едіңіз? Ал бұл адамдарға кезінде миллиондар ұсынған, бірақ олар ақшадан бас тартқан. Себебі…
1 миллион долларлық сыйақыдан бас тартқан математика данышпаны
2003 жылы ресейлік математик Григорий Перельман Пуанкер гипотезасын дәлелдеп шықты. Әлемнің ең ақылды адамдарының бірі саналатын Перельман 2002 және 2003 жылдары теореманың екі дәлелін жариялады. Бір таң қаларлығы, атақты математиктерден құралған топ Перелманның дәлелін тек 2010 жылы ғана тексеріп шыға алды. Айта кетсек, аталған гипотеза – әлемнің ең қиын жеті есептерінің бірі болып саналады.
Осы жеті есептің кез келген біреуін дәлелдеген жағдайда 1 миллион доллар көлемінде сыйақы мен Филдс медалі (математикадағы Нобель сыйлығы секілді) беріледі. Алайда, Перельманға сыйлықты ұсынған кезде, математик одан бас тартты.
2,77 миллион долларлық соманы құраған ұтыстан бас тартқан лоторея жеңімпазы
Лотереядан ұтуды кім армандамайды? Ал лотереядан 2 миллион евро (2,77 миллион доллар) жеңген 70 жастағы германиялық зейнеркер ұтысынан бас тартыпты. Себебі осындай сомадағы қаражатты не істерін білмеген.
Зейнеткердің сөзіне сенер болсақ, ол жеңуге ұмтылмаған. Марқұм жары осы ойынды қатты жақсы көргендіктен, билет сатып ала салған екен.
Лоторея джекпотын жеңгенін білгеннен соң, ол неміс лотореясы ассоциациясының штаб-пәтеріне аттанып, ақшаның керек емесін айтқан. Тіпті компания жетекшілігі зейнеткерді ақшаны алуға көндіруге тырысқанның өзінде де зейнеткер бас тартқан. Ақыры соңында жеңімпаздың қалауымен ақша ассоциацияда қалды.
Өнертапқыш ары таза қалу үшін 60 миллион доллардан бас тартты
2006 жылы атақты өнертапқыш Джеффри Ван Миддлбрук қоқыстың жануы кезінде бөлінетін газды айырып алу жолын тапты. Осы әдісті өнеркәсіп саласында қолданған жағдайда, ол қомақты ақша әкелер еді.
Қытай үкіметі Миддлбруктің өнертабысына қызығушылық танытқан себебі, ол көмірді таза жағу технологиясын одан әрі жетілдіруге септігін тигізер еді. Қытай әлемдегі ең үлкен көмір тұтынушысы болып табылады және электр қуатын алу үшін жағылған көмірдің салдарынан ең ірі ластану мәселесіне тап болды. Әр жыл сайын Қытайда шамамен жарты миллион адам ауа ластығына байланысты аурулардан көз жұмады. Сонымен қатар, Қытай қалаларында болатын қара тұманның да басты себепшісі көмірді жағу болып табылады.
Қытайлық бір университет өнертапқыш пен оның бизнес серіктесіне одан әрі зерттеуге және құрылғының прототипін жасап шығуға 60 миллион доллар ұсынды.
Бірақ кейін Миддлбрук жаңалықтардан Қытайдағы әскери госпитальдердегі саяси қамаудағы он мыңдаған адамның органдарын алып жатқанын біледі. Ол қытай үкіметі тарапынан болып жатқан барлық азаптар жайлы оқиды.
Аталған жағдай жайлы хабардар болғаннан соң, Миддлбрукта моральді дилемма туды. «Біздің алдымызда ақшасын сермеп тұрған өзге елдің үкіметі тұрды, осы арада мен Қытай жайлы адам шошырлық нәрселерді оқи бастадым. Мен ойландым – Мен оны жасай алмаймын. Мен бұл ақшаны ала алмаймын. Технологияның қаншалықты маңызды екені, олардың менің өнертабысыма қанша ақша салатыны маңызды емес, мен бұл ақшаны Қытайдан қабылдай алмаймын», – деді ол.
1 миллион доллар үшін қырынудан бас тартқан рокерлер
Зи Зи вокалисі Топ Билли Гиббонс пен бас-гитарист Дасти Хиллге егер сақалдарын қырып тастайтын болса, оларға 1 миллион доллар беріледі деген ұсыныс түскен, бірақ әртістер бірден бас тартқан және осындай шешім қабылдағандарына еш өкінбейді-міс.
«Олар тіпті ұсыныстарын еселендіргеннің өзінде де біз келіспейміз. Айнадан өзіңді сақалсыз көру мүмкін емес сияқты. Мен тіпті ол (қырыну) жайлы ойланбаппын да…Олардың қанша ақша ұсынатыны маңызды емес», — деп айтқан болатын Гиббонс.
250 миллион долларлық жалақысы болатын жұмыстан бас тартқан азамат
Көбісі жалақысының тым төмен болғандығы үшін біреуге қол жұмсауға дайын болса, бұл азамат (жалпы 250 миллион долларға бағаланатын) акцияларды, қолма-қол ақша, жұмыс істеуге түрткі болатын басқа да заттардың берілетініне қарамастан, Еуропадағы ең ірі хедж қорларының бірі саналатын GLG фирмасында тағы бес жыл жұмыс істеуден бас тартқан.
Грег Коффи Лондондағы хедж қорлары бизнесіндегі басты есімдердің бірі болды, бірақ 38 жастағы сиднейлік ер азамат бүкіл әлемге танылу үшін тек бір ғана мансаптық шешім қабылдады.
Табысы жалпы 40 миллион доллардан асатын қаражатқа жылжымайтын мүлік сатып алуға мүмкіндік берген Коффи өзіне мұндай ұсыныстан бас тартуға ерік бере алатыны сөзсіз.
Дайындаған: Ерғали Елдос