Талғат Мұсабаев өзі “бұзақы” деп атаған “Антигептил” қозғалысы белсенділермен жұдырықтасуға әзірмін деп мәлімдеді.Кеңес одағының спорт шебері, әрі Қазақстан мен Ресейдің халық қаһарманы жасы 63-ке келсе де, жігіттермен жекпе-жекте жеңіске жететініне сенімді.
“Антигептил” белсенділері Мұсабаевтың терезесінің түбінде “Протонды” ұшыруға тыйым салуды сұрап, екі апта бойы күн сайын наразылық көрсеткен еді. Табиғат жанашырларының бірі ешқашан төбе көрсетпеген ғарышкерді жекпе-жекке де шақырған болатын.
Елімізде ҚазСат-3 құрастырылып, сыналды. Алдағы 80 күннің ішінде самғап барып, ғарыштан өз орнын табады. Бірақ бүгінгі жиында ұшырылатын емес, қазір аспанда тұрған ҚазСат-2 жер серігінің жүктемесі әзірге 63 пайыздан аспай жатқаны белгілі болды.
Яғни отандық ұялы байланыс операторлары жыл сайын шамамен 25-30 миллион долларды шекара асырып, шет елдердің ғарыш саласына құйып отыр. Ол аздай 3біздегі ғарыш нысандары құрылысының бірден 10 миллиардқа қымбаттай салатыны бар.
“Енді жұмыс істейміз жақсылап жұмыс істейміз. Ресейден сұраймыз қашан шығынды өтейсіңдер деп. Олар жауап бермейді. Не істейсіз?”, – деді Талғат Мұсабаев.
ҚР Ұлттық ғарыш Агенттігінің төрағасының ресейліктерге не істері белгісіз болғанымен, экологиялық түйткілдерді төтесінен қойып, амалсыздан өзін жекпе-жекке шақырған отандастарын аямайтыны анық болды. Оны “Антигептил” қозғалысының белсендісі Болатбек Біләлов жекпе-жекке шақырған еді.
31 арна