АЛТЫНОРДА
Иносми

Нацистік әрекеті үшін кешірім сұрады

1412680533-2556Польшаның Сыртқы істер министрі Гжегож Схетина Еуропарламенттегі Польша депутатының сәрсенбі күнгі отырыста жасаған әрекеті үшін кешірім сұрады.
Депутат Януш Корвин-Микке Еуроодақ аумағы бойынша жүруге бірыңғай билет енгізу мәселесі талқыланып жатқанда қолын фашистерше көтеріп, дөрекі қылық жасады.
Ол: «Бір халық, бір Рейх, бір билет», деп гитлерлік Германия кезіндегі ұранды өзгертіп айтты. БАҚ депутаттың сөзін келтіріп, оның суретін жариялап жіберді.
Польшаның СІМ басшысы Еуропарламент пен сайлаушылар алдында депутаттың жөнсіз әрекеті үшін кешірім сұрап, оның қылығы үшін ұялатындығын жеткізді.
ҚазАқпарат

Жолдасбек Дуанабай

http://www.aikyn.kz/