АЛТЫНОРДА
Новости

Назарбаев бірнеше құрылысты тоқтату керегін айтты

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 15 қаңтарда «дағдарысқа байланысты бірқатар инвестициялық құрылыс жобаларына қоса жаңа нысандарды тоқтату керек» екенін айтты.

Бюджеттің күрт қысқаруы себепті үкіметке оның бірқатар өлшемдерін қайта қарауға тура келеді. Біз бюджетке бір рет өзгеріс енгіздік, қажет болған жағдайда мұны тағы жасау керек» деді ол үкімет мүшелерімен әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде өткізген кеңесінде.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, «халықаралық экономикадағы қазіргі жағымсыз ахуал — 2007-2009 жылдардағы жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың салдары».

«Дағдарыстың көрінісі Қазақстанның экспорттық тауарларының, әсіресе соңғы жарты жылда мұнай баррелінің құны 50 доллардан түсіп кеткеннен  байқалды. Қазақстан бюджетіне қаражат түсімін қамтамасыз етіп отырған түсті және қара металлургия өнімдерінің де бағасы төмендеді» деді ол.

Қазақстан президентіңіз сөзінше, Қазақстанға Украинадағы ахуал және соған байланысты Ресейге қатысты санкциялар, ресейлік рубльдің қазіргі жағдайы да ықпал етіп отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты Қазақстан бекітілген бюджет қысқартуға мәжбүр болғанын былтыр 15 желтоқсанда мәлімдеген.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150115/330/330.html?id=26795605