АЛТЫНОРДА
Новости

Назарбаев: ҰҚШҰ аймақтағы қауіптерге қарсы тұруы керек

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде «ҰҚШҰ-ға мүше елдер тап болған қауіп-қатерлер мен оларға қарсы тұру шаралары» талқыланған.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев «аймақтағы ахуалдың жылдам өзгеруіне байланысты ҰҚШҰ алдында жаңа міндеттер пайда болуы мүмкін» екенін айтқан. «Коалиция күштері Ауғанстаннан шығарылады. «Ислам мемлекеті» ұйымымен байланысы бар жаңа қауіп-қатерлер пайда болады. Осы жағдайларда ҰҚШҰ жағдайды бақылап, болжам жасап, қажетті ұжымдық шаралар қабылдауға ұсыныстар жасайтын талдау орталығы болуы тиіс» деді Қазақстан президенті.

Николай Бордюжа Нұрсұлтан Назарбаевқа ҰҚШҰ-ның биыл атқарған қызметі мен әскери ынтымақтастық саласында жүргізіп жатқан жұмыстары жайлы айтқан.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26736825