Ресей президенті Владимир Путин ядролық энергетика және қорғаныс саласындағы келісімдерге қол қою үшін Үндістанға барды.
Путин мен Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди желтоқсанның 11-інде жыл сайын өтетін Үндістан-Ресей саммитіне қатысып, екіжақты сауда және энергетикалық ынтымақтастық мәселелерін де талқыламақ.
Путин Нью-Дели мен Мәскеудің қарым-қатынасын «ерекше стратегиялық маңызы бар» деп атаған. Ол сапар барысында бірнеше атом электр станцияларын салу және әскери ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланатынын айтқан.
Екі ел арасындағы сауда айналымы 2013 жылы шамамен 10 миллиард АҚШ долларын құраған.
Нью-Делидің таяуда француздық Rafale жойғыш ұшақтары мен америкалық әскери Apache тікұшақтарын сатып алу шешімі Үндістан нарығын бұрыннан қару-жарақпен қамтамасыз етіп келген Ресейдің шамына тиген.
Ал Үндістан Мәскеудің Пәкістанған әскери тікұшақ беру шешіміне алаңдаушылық білдірген. Бірақ осыған қарамастан Үндістан Ресейге қарсы салынған санкцияларға қосылудан бас тартып, Мәскеуге қолдау білдірген.
http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26736699