Төменгі тұжырымдармен келіссеңіз, тұсына «+», келіспесеңіз, не «-» қойып шығыңыз.
1. Менің көңіл-күйім көбіне үйде бұзылады.
2. Отбасымызда ұсақ-түйекке бола ұрыс шығады.
3. Басыма қиын күн түскенде, өзімді жалғыз сезінемін.
4. Демалысқа жалғыз аттанғаннан гөрі жұбайыңмен бірге барған көңілдірек.
5. Жеке жұмысым жайлы жұбайыммен бөліскенді ұнатпаймын.
6. Өзімді жайсыз сзінгенде, жұбайым маған көбірек көңіл бөліп, қамқорлық танытады.
7. Жұбайымнан бірде-бір жаман сөз естіген емеспін.
8. Жұбайыма қамқорлық танытқан өзіме ұнайды.
9. Неке қиылған соң, екеудің арасындағы махаббат сезімі суып қалатынына сенімдімін.
10. Жұбайым менімен әрдайым жұмсақ әрі биязы.
11. Кез келген ұрыс тез аяқталып, оңай бітімге келеміз.
12. Той күнін жыл сайын атап өтеміз.
13. Жұбайым мені қиындықтардың бәрінде қолдауға әзір.
14. Жұбайымның барлық достары ұнайды деуге болады.
15. Менің қамқорлығымды жұбайым жүрегімен бағаламайды.
16. Достарыммен кездескенде, жұбайымсыз баруды жөн көремін.
17. Жұбайым менің жұмысыма немқұрайлы қарайды.
18. Адамдардың әрекетіне баға бергенде, жұбайым екеуміздің ойымыз бір жерден шығады.
19. Жұбайым екеуміз бірдей нәрселерге әуестенеміз.
20. Жұбайыма ұнамайды екен деп, өзім дағдыланған нәрселерден бас тартпақ емеспін.
21. Меніңше, отбасымызда менің құқығымнан гөрі міндетім көп.
22. Неке менің еркіндігімді өзім ойлағаннан да көбірек шектеп қойды.
23. Жұбайыңа жол беруге болмайды, себебі бұл бағыныңқылыққа, теңсіздікке әкеледі.
24. Тұрмыс мәселелерінің бәрін мен ғана шешетінім ызама тиеді.
25. Үй тұрмысы сонша көп уақыт пен күшімді алады деп ойламаппын.
26. Төсектік қатынас біздің татуласуымызға септігін тигізеді.
27. Жұбайыңыздың қас-қабағына қарау керек.
28. Үйде көңіл-күйімнің жоқтығын білдірмеуге тырысамын.
29. Егер отбасылық өмір дұрыс орнамаса, дереу ажырасқан дұрыс.
30. Жұбайым мені бәрінен жақсы түсінеді.
Енді өз жауапарыңызды кілтпен салыстырыңыз. Кілтпен сәйкес келген әрбір жауабыңызға 1 ұпайдан қойып шығыңыз. Ал сәйкес келмесе, 0 ұпайдан санаңыз.
Кілт
+ — 4, 6-8, 10-14, 18, 19, 26-28, 30 + — 4, 6-8, 10-14, 18, 19, 26-28, 30
— — 1-3, 5, 9, 15-17, 20-25, 29
Нәтиже:
7-14. Қарым-қатынасыңызда аздап шиеленіс бар. Серігіңіздің сезімдеріне деген құрмет пен оған жол бере білу салқындаған ара қатынасыңызды жылыта түсуге көмектесер еді.
15-24. Отбасындағы бір-бірін аса түсіне білетін, көңілді атмосфера жайлы айтуға болады. Ыдыс-аяқ сылдырлап тұрса да, әрдайым олардың шешімі табылып отырады.
25-30. Сіздерг айтар тек бір нәрсе бар – сіздер бақыттысыздар!
Дереккөз: azps.ru
Дайындаған: Салтанат Пердешқызы
http://anabol.kz/