АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында наурыздың 8-і, Халықаралық әйелдер күні өткен әйелдер құқығы мен гендерлік теңдікті қолдау шеруіне мыңдаған қала тұрғындары, БҰҰ, үкімет және азаматтық қоғам өкілдері шықты деп хабарлады осы шарадан Азаттық тілшісі.
БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінен басталып Таймс-скверде мәреге жеткен шеруге БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун да қатысқан.
БҰҰ 2030 жылға қарай әлемде ерлер мен әйелдер теңдігіне толықтай қол жеткізуге шақырып отыр. Жаңа кампания «Планета 50 де 50» деп аталады. Әйелдерге өз әлеуетін толық іске асыруына мүмкіндік бермейтін кедергілерді жою үшін бүкіл қоғам болып жұмылу қажет деп мәлімдеген «БҰҰ-әйелдер» құрылымы жетекшісінің орынбасары Лакшми Пури.
Халықаралық әйелдер күні құрметіне мұндай шерулер әлем бойынша көптеген елдерде өткізілді.
http://www.azattyq.org/archive/news/20150309/330/330.html?id=26888612