АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ОҚО әкімі Б.Атамқұлов отандық өнімді қолдайды

dsc_0083Бүгін, 23 қыркүйек, облыс әкімі Сайрам ауданына жасаған жұмыс сапары барысында «GOLDEN NOMAD» тігін фабрикасының жұмысымен танысып, 25 мың теңгеге жоғары сапалы «Қазақстанда жасалған» сауда таңбасымен тігілген костюм сатып алды. Республикадағы ерлер костюмін тігетін жалғыз кәсіпорынның тыныс-тіршілігін бақылаған аймақ басшысы, отандық тауарөндірушілерді қолдап, жоғары сапалы тігілгенін айтты. Сайрамның Ақсу ауылында орналасқан кәсіпорын 2014 жылдың наурыз айында жұмысын бастаған. 100-ден астам жергілікті азаматты жұмыспен қамтыған серіктестіктің жалпы құны 158 миллион теңгені құрайды. Жалпы қаражаттың 110 миллион теңгесін «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында алған кәсіпкер жылына 26400 дана костюм, 52800 дана шалбар тігуге қауқарлы екенін айтады. Осы жылдың ақпан айынан бастап тігін фабрикасында өндіріс орындары мен банк қызметкерлеріне арналған арнайы (спецовка) киімдер тігіліп жатыр. Жұмысты жандандыруды қолға алған кәсіпкер қараша айынан бастап әйелдерге арналған киім тігетін цех ашуды жоспарлап отыр. Фабриканың жұмысына көңілі толған өңір басшысы барша оңтүстікқазақстандықтарды отандық өнімді қолдауға шақырып, қазақстандық өнімді тұтынуға кеңес берді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі