АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ОҚО әкімі Құрбан айт мерекесімен құттықтады!

12025796_1123640970998544_1890270378_oБаршаңызды мұсылмандар үшін қасиетті мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Адамзат баласы үшін ең қасиетті ұғымдар имандылық пен ізгілік болып табылады. Ал, адам мен қоғамға тән жақсылықтар мен жасампаздықтардың барлығын да ислам жатсынбайды. Ислам – бейбітшілік пен келісім діні. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, ислам – дін ғана емес, ол біздің мәдениетіміз. Бұл мейрам – тек қана мұсылмандарды емес, барша ұлт пен ұлысты ұйыстыратын рухани мереке. Осы қасиетті күндері мұсылмандар құрбандық шалып, бір-бірлеріне үлестіріп, баршаға жақсы тілектер айтады. Ынтымақ пен ырыздықты, мейірім мен шүкіршілікті арттыратын берекелі мереке – Құрбан айт адамдардың жылы қарым-қатынас жасауына, түрлі ұлттар мен ұлыс өкілдерінің өзара етене араласуына кең жол ашады. Бұл мейрам көпшілікке жәрдемдесу, мұқтаж жандарға қол ұшын беру сияқ¬ты адами құндылықтардың артуына да өз үлесін қосады. Оңтүстік Қазақстан облысы халқының басым бөлігін құрайтын мұсылман қауымы тәуелсіз еліміздегі ауызбіршілік пен татулықтың нығая түсуіне айтарлықтай өз үлесін қосып келеді. Өңіріміздегі түрлі сенім өкілдерінің өзара ынтымақтастығы баршаға үлгі. Еліміз өзінің мәдени құндылықтарын сақтап, сарқылмас ерік-жігерін арттыра отырып, одан әрі жаңару мен дамудың жолына кемел қадам баса береді деп кәміл сенеміз. Жаратушы Алла Тағала барлық игі тілектеріңізді қабыл етсін! Барша оңтүстікқазақстандықтарға береке-бірлік, бейбіт өмір, әр шаңыраққа игілік пен амандық тілейді! Көп ұлтты Отанымызға бірлік пен ынтымақ бергей! Деніміз сау, жұртымыз тыныш, елімізде тек жақсылықтар бола берсін, – деген лебізін білдірді.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Атамқұлов.