АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ОҚО БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА ЕҢ ҚОЛАЙЛЫ АЙМАҚ

таблица2-1024x912Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлікті дамыту үшін ең қауіпсіз аймақ болып табылды. Мұндағы бизнесті өркендетудің қауіпсіздік деңгейі 71,9 пайызды құрайды. Ал 50,7 пайыздық көрсеткішпен танылған Маңғыстау облысы, керісінше, кәсіпті бастау үшін тұрақсыз өңірлердің бірі атанды, — деп жазады Idea-Lab.kz сайты.  A.T.Kearney компаниясының әдістемесі негізінде Idea-Lab.kz елдегі өңірлердің  кәсіпкерлікпен айналысу тәуекелін есептеді. Бизнесті бастау үшін қай аймақ қолайлы әрі қауіпсіз? Әрине, кәсіпкерлік тәуекелі облыстардағы жалпы жағдайға байланысты екені белгілі. Сондықтан, Idea-Lab.kz елдегі қауіпсіз аймақтар деңгейін есептеу үшін халықты несиелендіру көлемін, жан басына шаққандағы табыс пен ЖӨӨ (жалпы өңірлік өнім), сондай-ақ, экономикалық белсенді халықтың үлесі және қылмыстың өршуі мен азаю көрсеткіштеріне назар аударған. Нәтижесінде, қылмыстың тез өршуі бойынша 52,7 пайызбен Астана қаласы алға шықса, Қостанай облысы 13,4 пайыздық көрсеткішке ие болып, ең бейбітшіл өңірлердің біріне айналды. Қостанайда қылмыстың өсу деңгейінің төмен болуына байланысты бизнесті бастау үшін ең қауіпсіз аймақтардың тізімінде аталған облыс алтыншы орынға (63,1%) шықты. Ал Астана қаласы 54,9% көрсеткішпен 11-орынға лайық болды. Алматы қаласының кәсіпкерлік үшін ыңғайлылығы 63,1 пайызды көрсетті. Ондағы дефолт көрсеткішінің жоғары болуына байланысты Алматы бесінші орында. Анықталғандай, қала тұрғындарына төлей алатын табысынан 4 есе көп мөлшерде несие берілген. Алматы облысы – берілген несиелердің сомасы халықтың табысынан аспайтын жалғыз аймақ болып табылады. Аталған өңірдегі халықтың төменгі дефолт көрсеткіші кәсіпкерлікті дамыту үшін ең қауіпсіз аймақтардың арасында екінші орынды иеленуге мүмкіндік берді.
Атырау облысы өңірдегі жалпы өңірлік өнімнің 19 пайыздық тұрақты көрсеткішінің арқасында Алматы қаласын басып озды. Ірі көлемдегі қарыздары мен еркін табыстың жоғары еместігінің салдарынан елдің қауіпсіз аймақтарының тізімінде Алматы 1,9 пайызбен алдыңғы өңірге жол беріп отыр. Атырау 65 пайызға қауіпсіз. Аймақта бизнеспен айналысу тәуекелінің төмен деңгейде болуына қарамастан бұл өңірде бар болғаны 300 мың азамат кәсіпкерлікке тартылған. Халқының 1,3 миллион тұрғыны кәсіптен нәсіп тауып отырған Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары ең экономикалық белсенді аймақ болып танылған. Өңірдегі орташа көрсеткішті дефолт пен қылмыстың салыстырмалы төмен деңгейіне және кәсіпкерлікпен айналысатын халық санының көлемінің арқасында ОҚО бизнесті бастауға қолайлы өңірлердің тізімінде бірінші орынға шықты. Бұл көрсеткіш облыстардағы халық санына байланысты жасалмаған. Керісінше, қала тұрғындарына тікелей әсер ететін республика өңірлеріндегі жекелеген бизнестің даму индексі негізінде әзірленген. Жекелеген бизнесті дамытуда нарық жағдайы мен оның қолайлылығы туралы мәліметті Idea-Lab.kz-тің әр дүйсенбідегі мақалаларында жазылатын болады. Айта өтейік, есеп ҚР Статистика агенттігінің 2013-2014 жылдардағы мәліметінің негізінде жасалған.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі