
Оның айтуынша, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша облыс тұрғындарынан 32 млрд. 849 млн. теңгені құрайтын 3504 өтініш келіп түскен. Оның 2385 өтініші бойынша құны 20 млрд. 547 млн.тг. құрайтын мүліктер заңдастырылса, бұл көрсеткішпен республикада 5-ші орында.
«Елбасы тапсырмасына сәйкес, жария ету процесін жеңілдету және құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз қудаламауға кепілдік беру, сондай-ақ, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 41-ші қадамды іске асыру мақсатында ағымдағы жылы 13 қарашада Мүлікті жария ету туралы заңына өзгерістер енгізілді»,- деді И.Шалабаев.
Еске салайық, мүлікті жария ету мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылған.
http://www.inform.kz/