АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ОҚО-ДА 41 ТҰРҒЫН ҮЙ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

286376Оңтүстік Қазақстанда жалпы 3152 көпқабатты тұрғын үй болса, олардың бүгінгі таңда кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасына 2549 тұрғын үй тіркелген. «Өңірлердің дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» тұрғын үй қорын жаңғырту мақсатында биыл 38 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен. Олар Түркістан қаласындағы 4 үй, Сарыағаш ауданында 2, Шымкент қаласындағы 32 көпқабатты тұрғын үйлер. Бұл бағытта республикалық бюджеттен 310,352 млн. теңге бөлінген. Алайда, Шымкент қаласындағы ұсынылған 32 үйлердің ішінде қарсылық білдірген 9 көпқабатты үйлердің орнына белгіленген қаржы 12 үйге ауыстырылды. Нәтижесінде, Шымкент қаласында 32 үйдің орнына 35 үй жөндеуден өткізіліп, жылдық көрсеткіш 38 үйден 41 үйге артып отыр.

http://ontustik.gov.kz/