АЛТЫНОРДА
Новости Шымкента

ОҚО-ДА ЕЛІМІЗДЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ЕСКЕК ЕСУ СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

dsc_1033Оңтүстік Қазақстандағы «Бадам» су қоймасының маңынан байдарка және каноэда есуден оқу жаттығу базасының спорт ғимараты ашылды. Елімізде теңдесі жоқ бұл кешен су және ескек есу спорт түрлері үшін әмбебап оқу жаттығу базасы болып табылады. 130 адамға арналған заманауи спорт ордасының ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков қатысты. 8 гектар аумақты алып жатқан спорт базасында бір мезгілде жүзден астам спортшы оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізе алады. Мұнда спортшыларымызға жатын бөлме, екі жаттығу залы, 50 адамға арналған асхана мен монша қарастырылған. Сонымен қатар, екі спорт алаңшасы, қайықтарды қажетті температурада сақтайтын қойма мен жөндеу орындары бар. Бүгінде, оңтүстіктің ескек есуден құрама командасы олимпиадаға жолдама алу үшін Индонезиядағы Азия чемпионатында сынға түсуде.

http://ontustik.gov.kz/