АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ОҚО СПОРТШЫЛАРЫ ОН АЙДА 1029 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

w9mkwrwi6dwБиылғы жылдың 10 айында облыс спортшылары спорттың 59 түрі бойынша 243 Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 375–алтын, 324–күміс, 330– қола медаль жеңіп алды. Мәселен, жыл басынан бері өткен 75 Азия чемпионаттары мен кубоктарында спортшыларымыз 48-алтын, 29–күміс және 37-қола медальге қол жеткізсе, осы уақыт арасында өткен 47 Әлем чемпионаттары мен кубоктарында 26-алтын, 8-күміс және 10-қола медальді қанжығаларына байлаған. Бұл аралықта өңірде 7 — халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 45 — Қазақстан Республикасының спорт шебері, 698 — спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі