АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ОҚУШЫЛАР ПОЛИЦЕЙЛЕРДІ ҰРЫПТЫ

ученикиСолтүстік Қазақстан облысында полицейлерді соққыға жыққан колледждің 3 оқушысын 1-ден 2,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығыралды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Есіл аудандық Петропавл аграрлық-техникалық колледждің үш оқушысына қатысты үкім шығарылды. Олар қызмет бабында жүрген полицейлерді ұрған деп айыпталды», —  деп хабарлады  баспасөз қызметі.
Биылғы 3 сәуірде жатақхананы кешкі тексеру кезінде Л. және Х. деген оқушылар алкогольдік және есірткілік мас күйінде екені анықталды. Ал үшінші К. деген оқушы мас болған. Олардың барлығы да жатақхана кезекшісінің бөлмесіне сөйлесуге шақырылды. Онда колледж директорының оқу-тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары алдын-ала полицияның екі учаскелік инспекторын шақыртқан.
«Куәгерлердің айтуының негізінде сот сұхбат барысында Л. кенет полицейлердің біреуінің формалық кеудешесінен ұстап тұрып, бетінен салып жібергенін анықтады. Олардың арасында төбелес туындайды. Полицейдің айтуынша, ол Л. деген оқушыға қатысты күш қолданбай, оның қолын ұстап тұруға тырысқан. Х. деген екінші оқушы басқа полицейге тап беріп және оны еденге құлатқан. Сол кезде К. деген оқушы келіп, жерде жатқан учаскелік полицейдің басынан тепкілей бастаған», — деді баспасөз қызметінен.
Сот-медициналық сараптама бойынша, полицейлерде мұрын сүйегі сынып, беті мен екі аяғының балтыры көгергендігі анықталыпты.
Мамандандырылған ауданаралық сот үкімімен оқушылардың үшеуі де ҚР ҚК 321 б. 1 т. бойынша айыпты деп танылды.  Оларға 1-ден 2 жыл 6 ай мерзімдік жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/