АЛТЫНОРДА
Новости

Өнер галереясында авторлық көрме өтеді

АСТАНА. 11 наурыз. BAQ.KZ – «Шежiре» қазіргі заман өнері галереясының көрме залында 14 наурыз күні Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі Елена Тёнің «Жандану» атты жеке көрмесі ашылады.

Елена Тё өз шығармаларын Астанадағы «Шежiре» галереясында тұңғыш рет 2002-жылы қойған болатын. Елорда тұрғындарына суретшінің шығармашылық қолтаңбасы жақсы таныс, оның өнерін құрметтеушілер – меценаттар мен қарапайым өнер сүйер қауым суретшінің туындыларын барынша қуанышпен сатып алады. Елена елордалықтарды көктеммен қатар қуантып, өзінің жаңа туындыларын, шығармашылық дамуының, ізденістері мен тәжірибелерінің нәтижелерін ұсынбақшы.

Тё Еленаның ең жақсы көретін жанрларының бірі – пейзаж. Пейзаждық туындыларында ол бейненің перспективалық құрылымы мен композициясына, атмосфераның, ауа мен жарықтың жағдайына, оның ауыспалылығына баса мән береді. Пейзажға қатысты ең жоғары деңгейдегі эстетикалық көзқарастардың ажырамас үлгісі ретінде қабылданатын XVII—XVIII ғасырлардағы еуропалық шеберлердің пейзаждық өнерін, XIX ғасырдың соңындағы пейзаж жанры қалыптасуының кульминациялық сәті болып табылатын импрессионистер мен постимпрессионистердің жұмыстарын жан-жақты әрі ұзақ зерттеулердің нәтижесінде, осы жанр Елена Тё шығармашылығындағы басты бағыт ретінде қалыптасты.

«Жандану» көрмесінде суретшінің 45 авторлық жұмысын тамашалауға болады. Экспозиция 7-сәуірге дейін жалғасады.

 

http://baq.kz/kk/material/471