АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Оңтүстік Қазақстанда сарапшылар форумы өтті

20151210013543Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы: тұрақты дамудың 5 бағыты» тақырыбында сарапшылар форумы өтті.

Еліміздің беделді сарапшылары бас қосқан жиында Елбасының кешегі Жолдауын түсіндіру насихаттау емес, ондағы міндеттерді орындауда форумда айтылған ұсыныстарды қолдану болып табылады.

         Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен ҚР Президентінің жанындағы «Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты» бірлесе ұйымдастырылған форум екі бөлімнен тұрды.

Форум жұмысына облыс әкімі Б.Атамқұлов, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Е.Карин,  саясаттанушы Е.Саиров, Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі А.Жолдыбалина, Ұлттық зерттеулер институтының директоры Б.Нұрмұхамедов, Саясаттанушы, қоғам қайраткері Б.Әбдіғалиұлы, «Абай-ақпарат» қорының вице-президенті, саясаттанушы А.Сарым, ҮЕҰ, саяси партиялар мен сарапшылар, ғалымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

Форумның ашылуында сөз алған өңір басшысы келген сарапшылар мен қонақтарға алғысын білдіріп, осы Жолдауда көрсетілген тың мақсаттарды тиісті деңгейде орындау біздің міндетіміз екенін айтты. 

«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті басқару органдарына елдегі инвестициялық аxуалды жақсартудың даму реформаларын одан әрі жалғастыруды жүктеген болатын. Осы мәселеге біздің өңірде айрықша назар аударылып, таяуда Ұлттық компаниялармен 529 келісім жүргізіліп, 9,8 млрд. теңгенің меморандумы түзілді. Бүгінде облыстағы негізгі инвестициялық капитал 323,3 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл қаржының үлкен бөлігі шағын және орта бизнеске бағытталған. Нақтырақ айтсақ, 205,9 млрд. теңге шағын кәсіпорындарды дамытуға бағытталып отыр. Бұл облыстағы кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту үшін жақсы көрсеткіштер болып табылады. Облыс көлемінде шетел қаржысының қатысуымен құны 1,7 млрд. АҚШ долларын құрайтын 29 жоба іске асырылған. Сонымен қатар, шетелдік инвесторларды аймағымызға тарту мақсатында жергілікті кәсіпкерлер Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея елдеріне жұмыс сапарымен барып қайтты. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасып, дами түсетін болады», − деді облыс әкімі.

Биылғы Жолдау жарияланғаннан кейінгі ең алғашқы сарапшылар жиыны Оңтүстік Қазақстанда өткізіліп отыр, деді — ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Е.Карин.

− Елбасының Жолдауында айтылған тегін кәсіптік білім беру жүйесін енгізу туралы бастамасы тек жастарға мамандық беруді көздемейді. Мұның ерекше әлеуметтік және саяси маңызы бар. Әлемдегі ешбір елде жастарға мамандықты тегін беру жүйесі толықтай іске аспаған. Мемлекет басшысының бұл бастамасы экономиканың дамуына және жұмыссыздықтың азаюына ықпал етеді. Ал мұның нәтижесін аз уақытта көретін боламыз, -деп айтты форум жұмысында Е.Карин.

Форумға қатысушылар ел даму жолындағы ұсыныстарын айтып, сұрақ-жауаптар мен пікір алмасты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі