АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ОҢТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ МҰҒАЛІМ ЕЛІМІЗДІҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ АТАНДЫ

dsc_0089Бүгін, 2 қазанда облыс орталығы − Шымкентте «Мұғалімдер күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов барша ұстаздарды айтулы күнмен құттықтап, елеулі еңбек еткен үздік педагогтарды облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткен республикалық байқауда облыстағы №3 Кентау қазақ-түрік ер балалар лицейінің ұстазы Құралай Әпет Амантайқызы «Үздік педагог» номинациясына ие болып, 1,5 млн теңгеден астам қаржылай сыйлық алды. Оңтүстік Қазақстанда 585 мың оқушы болса, оларға 63500 ұстаз білім береді. Бұлардың 53 пайызы жоғары және бірінші санаттағы педагогтар. Ал мұғалімдердің 20 пайызы жыл сайын біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. Облыста биыл 54 білім ордасының құрылысы жүріп, пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 7 нысан ашылады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі