АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Оңтүстікте «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жеңімпаздары марапатталды

111Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауына қатысқан жеңімпаздар анықталды.Мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен  насихаттау, мемлекеттік тілдің қазақ және орыс тілді басылымдарда насихатталу белсенділігін арттыруды көздеген байқауға мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы туралы тұщымды материалдар жазған журналистер, жекелеген азаматтар қатысты. 
     БАҚ-қа шолу жасап, тіл төңірегінде жарияланған материалдарды талдаған қазылар алқасының шешімімен «Үздік мақала» номинациясымен Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтының оқытушысы, филолог Б.Ысқақ, «Үздік телеарна бағдарламасы» номинациясымен «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының тілшісі К.Дүйсенбі, «Үздік радио бағдарламасы» номинациясымен «Қазақстан-Шымкент» радиосының редакторы У.Қожақ, «Үздік сайт мақаласы» номинациясымен «Қызмет» интернет басылымының бас редакторы Б.Нарымбет марапатталды. 
Сондай-ақ, байқауға қатысып, белсенділік танытқан өзге де азаматтарға ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Б.Жанәбіл басқарманың алғыс хатымен, ынталандыру сыйлығын табыстады.
 
ОҚО әкімі аппаратының
баспасөз қызметі