АЛТЫНОРДА
Новости

«Оскар» марапаттау салтанатындағы екіқабат жұлдыздар

«Ең әдемі әйел – аяғы ауыр әйел» деп бекер айтпаса керек, ал ол әйел танымал жұлдыз болса онда бұл сұлулық тіпті екі есеге артып кететіндей…

Кейт Бланшетт 2007 жылы «Шатақ күнделік» фильміндегі рөлі үшін «Оскарға» номинацияланды. Алты аптадан кейін Кейт ұлы Игнатий Мартинді дүниеге әкелді.

Натали Портман 2012 жылы «Оскар» марапаттау салтанатына Бенджамин Мильпьемен қол ұстасып келді. Ол «Қара аққу» фильміндегі рөлі үшін «Оскар» жүлдесін иеленді. Бірнеше айдан кейін ұлы Алеф дүниеге келді.

Кэтрин Зета-Джонс — екінші пландағы үздік рөл («Чикаго»).

«Бір қадам алға» фильмі бойынша таныс Дженна Девон-Татум. 2013 жылғы марапаттау салтанатына сол фильмнің түсірілімінде танысқан жолдасы Ченнингпен келді. Ченнинг кеш бойы жұбайының ішін сипап, қамқорлығын көрсетіп жүрді. Жұбайы болса домаланған ішін айқындау үшін Рейчел Ройдың қонымды шілтерлі көйлегін таңдаған.

Джессика Альба «Оскар 2008» марапаттау салтанатына Marchesa сән үйінің шие түстес көйлегін киіп барды. Кейін тұңғыш қызы Онор Мари Уорренді дүниеге әкелді.

Эми Адамс 2010 жылы жүктілігінің алты айлығында Alberta Ferretti-дің көйлегін киіп, «Оскар» марапаттау салтанатына қатысты. Қазірде актрисаның Авиана есімді қызы бар.

Мэрил Стрип 1983 жылғы марапаттау салтанатында. Қызы Мэри Уилл «Мэми» Гаммер 1983 жылдың тамыз айында дүниеге келген.

Пола Паттон 2010 жылы жүктілігінің жетінші айында Джулиан есімді ұлын күтіп жүр. Оның Carolina Herrera-дан киімі өте керемет таңдалған, алайда салтанатты кеш біткен соң жұлдыз туфлиі аяғын қатты қысқандығын мойындапты.

Сьюзан Сарандон 1992 жылы. Біраз уақыт өткен соң Майлз есімді ұлын дүниеге әкелді. Айта кететіні, бұл жерде ол 45 жаста.

Марша Гей Харден 2004 жылғы марапаттау кешінде. Актриса «Сырлы өзен» фильміндегі екінші пландағы рөлі үшін номинацияға түскен болатын, алайда екінші «Оскарға» қол жеткізе алмады.

Рэйчел Вайс 2005 жылы Narciso Rodriguez көйлегінде.

Сурет: vev.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

http://massaget.kz/madeniet/persona/17280