Көрермендер саны жағынан рейтингте рекорд жасаған телехикаядағы басты роль — Гүлсеренді сомдаушы Нүргүл Йешылчайдың кететіні туралы күтпеген хабар жұртты дүрліктіруде. Қазақстандық «Хабар» арнасынан көрсетіліп, талайдың жібермей көретін телехикаясына айналған телетуындыдан актриса Нүргүл Йешылчайдың кететіні белгілі болғаннан бері көрермен қауым күпті көңілге түскен. Себебі енді Гүлсеренді жас актриса Шүкран Овали ойнамақ. Жалпы бұған Гүлсереннің фильм бойынша серіктесі Эркан Петеккаяның өзі себепкер болған, деп хабарлайды Hurriyet.com. Ақпаратқа сәйкес, телехикаяның келесі бір бөлімін түсіру кезінде Нүргүл Йешылчай мен Эркан Петеккая арасында рольдерді сомдауға қатысты едәуір түсініспеушілік аяқ астынан пайда болып, соңы үлкен дауға ұласты. Аударған: Г.Абилова
Источник: http://24.kz/kz/