АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ОТЫРАРЛЫҚТАР 35 МЫҢ ТОННА ЖҮГЕРI ЖИНАДЫ

bc3b2b64291b9ce3eca659e450917495Отырар ауданының шаруалары бүгінде қызу еңбекке кіріскен. Жүгерінің отаны саналатын өңір шаруалары биылғы науқанда 35 мың тонна жүгері жинады деп жазады Оңтүстік Қазақстан газеті. Отырар аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Батырхан Сыздықовтың айтуынша, жергілікті шаруалар биыл 7 мың гектарға жүгері егуді жоспарлап, оны 12 гектарға асыра орындаған. Ауданда былтыр 280 гектар жерге тамшылатып суару әдісі қолданылса, биыл оның көлемі 4 есеге артып, 1204 гектарға жетіпті. Тамшылатып суару әдісін аудандағы «Отырарагроөнімдері» ЖШС-і де кәдеге жарата бастаған. Шаруа қожалығы биыл 400 гектар алқапқа жүгері егіп, әр гектардан 43 центнерден түсім алыпты. Жалпы, аудан бойынша 400-ден астам диқан жүгері егіп, нәпәқасын айырып отыр. Отырардың тағы бiр жаңалығы, жуырда ғана ауданда 10 мың тонна дән қабылдауға дайын «Отырар-дән» жүгерi кептiру және сақтау зауыты iске қосылды. Енді жергілікті жүгері өндірушілер өнiмдерiн өткiзетiн жер iздеп сабылмайды. Зауытпен тікелей жұмыс жасайтын болады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі