Бағдарламаның мақсаты-қарапайым халықтың мұң-мұқтажына құлақ түру. Көрермендердің сансыз сұрақтарына жауап іздеп, «Нұр Отан» партиясының пәрменін пайдалана отырып, шешілуіне ат салысу. Барша қазақстандықтарды әлеуметтік мәселелер жөніндегі ақпараттармен және заңды кеңестермен хабардар ету.

Жанжігіт Омархан
1988 жылдың 4 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Үштөбе ауылында дүниеге келген. 1994-2003ж.ж. Үштөбе ауылындағы «Өкпеті» орта мектебінде білім алып, 2003-2005ж.ж. Алматы қаласындағы «№2 Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатын» тәмәмдаған. 2005-2009ж.ж. Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетінің журналистика мамандығында білім алған. Еңбек жолын 2009 жылы қыркүйекте «Астана» телеарнасының «Астана таңы» бағдарламасының тілшісі болып бастаған. 2010-2011 ж.ж. аталмыш телеарнаның «Қайырлы таң», «Қауіпсіз жол» бағдарламаларының жүргізушісі. 2011-2015 ж.ж. Қазақстан ұлттық арнасының «Иман айнасы» бағдарламасында жүргізуші болды. Отбасын құрған. Екі баланың әкесі.
http://astanatv.kz/