Енді көргің келгені, естігелі жүргенің осы ма еді… Қазақ халқы туралы кім көрінген ойына не келсе соны көкіп, аузына келгенін айтты. Соның бір көрінісі — Ярослав Красиенко деген журналиссымақ біреу миллиондар мен миллиардтар оқитын «Фейсбук» әлеуеметтік желісінде қазақтардың ар-намысын қорлап, ашу-ызасын тудыратын сөз айтып отыр. Менің мейірбан, бар әлемді бірдей көретін ұлтыма қара күйе жағып, оның маңдай алды азаматтарын – баскөтерер ерлерін «фашист» деп қаралауда.
Бұл алғаш рет емес, осыдан бірнеше ай бұрын да Андрей Щербаков, Михаил Пак сияқты сандалбайлар Қазақстанда жоқ фашизмге қарсы «Антифашистік топ» құрғанын жария етіп, қоғамның пікірін қасақана екіге жарғанынан жұртшылық хабардар. Міне, осындай сорақылықтар азаймаса, кемімей жатыр. Бұған Өскемендегі оқиғаны қосыңыз: ұлтшыл қайраткер Мұстафа Шоқайдың есімін қорлаған Денис Данилевский мен Сергей Михеев деген екі оңбаған тағы бар. Жазушы Қасымхан Бегманов соттан о басында жеңілсе де, әлгі астамсыған немелерден кейін есесін қайтарып еді.
Өзі тұрмақ көлеңкесі де жоқ, иісі де сезілмейтін Қазақстандағы фашизмге қарсы құрылған «Антифашистік ұйымның» оспадар қылығына, бүйректен си¬рақ шығарғыш опасыздықтарына қарсы пікір білдірген азаматтар осы Айдос Сарым, Мұхтар Тайжан, Расул Жұмалылар болатын. Бүгінде «крыса» аталып кеткен әлгі Красиенко мұны тектен-текке айтып отырған жоқ.
Қоғамда орны бар, пікірін ашық айта алатын қазақ саясаттанушыларына қарата айтқанымен, мұның түбінде қазақ халқына деген өшпенділік жатқаны анық. Империяшыл кешегі Ресейдің қазақ халқына жасаған зорлық-қиянаттарын айтып, соның жалғасы бүгінгі Ресейдің отаршыл пиғылына қарсы жұр¬тын сақтандырып, оятуда, туған ұлттың мұң-мұқтажын арқалаған, кемшілігіне күйініп, жетістігіне сүйінген әйдік азаматтарымызды харам сөзбен былғап қоя алмаймыз.
Бір күшіктің шәу еткеніне мойын бұрмайтын арландар елі едік. «Крысаның» қырылдақ үніне де жауап қатпай-ақ қоюға болар еді, алайда, мұн¬дайлар күн сайын көбейіп барады. Оқта-текте осындай жиіркенішті сөзді айта салып, бірлігі жарасқан елімнің бекемдігіне, ынтымағына сызат түсіргісі келетіндей. Сондықтан ұлтараздық вирусын жұқтырып, қоздырғысы келетін сасық пиғылы бар Красиенколарға тиісті жаза керек. Тұтасқа, бірігуге ұмтылған қадамымызды аңдап, арамызға сына қағуға дайын тұратын мұндай сатқындарды заңмен жазалайық десек, заңымыз осал. Керісінше, өзге ұлттың баласының маңдайынан шерткенің үшін өз қазағыңның көргені темір тор болмақ.
Содан кейін бір таң қалатыным, «КТК» телеарнасы басшылығының қам-қарекетсіз отырғандығы. Ел ішіндегі жақсылықтарды көзге ілмей, өңкей зор¬лық-зомбылық, қулық-сұмдықтарды көрсетумен аты шыққан олар да бар Алашты қайдағы біреуге қор¬ла¬тып, намысымызды таптатып бос қоя ма? Басшы А. Шораевтың былайғы күндерде «Қазақстан барысы» атты ұлттық күрес жарысын өткізіп, Алаштың алғысына ие болғанын білетін едік, ал мынандай қап-қара күйеге, қып-қызыл жалаға не дейді? Красиенко айтқан «фашисттің» ішінде бастығы Шораевтың да жүргенін Шораевтың өзі біле ме екен? Үнсіз қалуының өзі келіскенді білдіріп, тіпті, қолдау көрсеткендей кейіп танытқаны емей немене?!
Демек, ұлттық күресті ұлықтап жүр дегендері «жақсы атты болып кө¬рінгісі» келетіндігі болып шықпай ма?! Түнеукүні Президентпен болған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кездесуінде «КТК» телеарнасының атынан қатысқан Я.Красиенконың бұлайша сөйлеуі оның Елбасының алдын көргендігімен де байланыстыруға болады. Президентті тірідей көріп, жанында бірер сағат отырғанын айлап, жылдап әңгімелейтін әлдебір шалдар секілді мұның да құтырып, елден бөлек есіріп кетуі содан болар. Өзіне жан баласын теңгермеген жарыместер не айтып, не қойғанын білмей жататыны сондықтан.
Өзге елден көрген қорлығымыз аз болғандай, тәуелсіз күнімізде де Отанымыздың суын ішіп, ауасын жұтқан «крысалардан» мұндай сөз есту тым ауыр. Отарсыздану процесі баяу болса да жүріп жатқан тұста басбұзарлардың соңғы сәтте тұяқ серпіп жатуы да үйреншікті үрдіс сияқты.
Осыған дейін болған нәрсені пышақ кескендей тыйып тастамаса, жалғасқан күйі жалғаса береді. Себебі, қазақ егеуқұй¬рық дейтін әлгіндей «крысаларды» ғалымдар «ең қатерлі ауруларды тасымалдаушылар» деп сипаттайды, оларды вирус жұқтыратындар ретінде қарастырып отырғанымыз сондықтан. Тұтас ұлтты басынып, халықты мансұқтаған Я. Красиенко мен Красиенколар сияқтыларды шұғыл түрде қатаң жазаға тарту керек деп «Ұлы дала» республикалық қозғалысы мәлімдеме жасады. Онда: «…Қазақ халқын қорлауға жол бермей, мүндай басбұзарларды тыйып тастауымыз керек. Ел азаматтарын ұлттың басына үйіріліп келе жатқан қауіпке қарсы тұруға шақырамыз!», – делінген.
Зангар Карiмхан
http://www.ulttimes.kz