Бүгін Қазақстан парламенті «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңын қабылдады.
Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың дерегінше, елдің 2015 жылғы бюджеті — 7 триллион 855,1 миллиард теңге, 2016 жылғы бюджеті — 8 триллион 42,2 миллиард теңге болып белгіленген. Ал 2017 жылғы бюджет — «Нұрлы жол — болашаққа жол» экономикалық саясатын жүзеге асыруға ұлттық қордан бөлінетін 3 миллиард долларды есептемегенде — 7 триллион 943,6 миллиард теңге болмақ.
http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html