АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Почта арқылы сот хабарламасын алған соң іс бойынша барлық сот құжаттарын штрих-код арқылы көшіріп алудың мүмкіндігі туды

скачанные файлыҰтқыр, айқын әрі барлығына қолжетімді сот төрелігін қамтамасыз ету мақсатында Жоғарғы Сот бірқатар инновациялық жобаларды іске асырды. Осындай жобалардың бірі – «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп іске асырылатын «Гибридті электронды почта» сервисі.

Жоғарғы Сот 2014 жылы сынақтан өткізген «Гибридті электронды почта» сервисі пилоттық жобасы өзінің тиімділігін дәлелдеді. Өткен жылдың 18 желтоқсанынан бастап аталған қызмет түрі республикадағы барлық жергілікті соттарда іске қосылды.

Жобаның жұмыс тәсілі мынадай: сот жүйесінің сотқа шақырту қағаздары мен хабарламалары «Қазпочта» АҚ-ға ҚР СО БААТЖ интеграциялық модулі арқылы электронды түрде жіберіледі. Ақырғы адресатқа жеті күн ішінде жіберу үшін почта қызметкерлері шақырту хабарламаларын қағазға басып шығарып, почталық конвертпен қаптайды.

Жергілікті соттардан шыққан электронды шақыртулар/хабарламалар почталық байланыс бөлімшелерінің орналасу қашықтығына қарамастан, почта байланыс бөлімшелері қызметкерлерінің одан әрі өңдеуі үшін оларға санаулы минуттарда жеткізіліп, шұғыл қабылданады.

Аталған қызметті енгізудің тағы бір басымдығы ретінде соттардың электронды шақырту қағаздары/хабарламаларының жеткізілу барысын қадағалау мүмкіндігіне, хаттардың жеткізілуі немесе «on-line» режимінде жеткізудің мүмкін еместігі, сондай-ақ оларды тапсыруда туындайтын қиындықтар туралы ақпаратты біліп отыруын айтуға болады.

Өткен жылы соттар барлығы 37 мыңнан астам электронды шақырту қағаздарын жөнелткен, олардың жеткізілу деңгейі 90 %-ды құрады. 2015 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін жолданған электронды шақырту қағаздар/хабарламалардың саны 35 мыңнан асты, олардың 93 пайыздан астамы ақырғы адресатқа жеткізілген.

Қолданыстағы іс жүргізу заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, соттардың жауапкерге талап арыздың көшірмелерін, өтінішке тіркелген құжаттарды, сондай-ақ жауапкердің жазбаша түсініктемелері сотқа келіп түскен жағдайда, олардың қосымша құжаттарының көшірмелерін жолдау міндеттілігі көзделген норма заңнамадан алынып тасталды.

Сонымен қатар, Жоғарғы Сот сот ісін жүргізудің қолжетімділігін кеңейту және сот процесіне қатысушыларға сот құжаттарын ұсынудың жеделдігін арттыру бағытындағы іс-шараларды өткізді. Айталық, сот талқылауына қатысушы кез-келген тарап ГЭП арқылы сот хабарламасын алғаннан кейін Жоғарғы Соттың интернет-ресурсының тиісті бөліміне штрихті почталық айқындағыш нөмірі мен іс қаралатын күнді енгізу арқылы сот құжаттарын (талап арыздың көшірмелерін және өтішішке қосымша берілген құжаттардың, сот актілерінің көшірмелерін) қағазға басып шығару мүмкіндігіне ие болады. Бүгінгі таңда, осылайша, тараптар 237 хабарлама бойынша құжаттарды көшіріп алған.

Жоғарғы Сот тұрғындар үшін барынша қолайлы жағдай жасау және тұтастай алғанда Қазақстан сот жүйесі жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында инновациялық технология мен озық менеджментті сот ісін жүргізуде қолдануды одан әрі жалғастыратын болады.

ТЕГИ: СОТ, КАЗПОЧТА, ГИБРИДТІ ЭЛЕКТРОНДЫ ПОЧТА, ҚЫЗМЕТ

___________