АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Президенттікке үміткер 10-шы адам тіркелді

Сайлау-алдындагыПрезиденттік сайлауға өзін-өзі ұсынған тағы 1 үміткердің есімі белгілі болды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап 24kz хабарлайды.
Президенттікке үміткер 10-шы адам тіркелді

Cерғазиев Ержан Мерекеұлы Орталық сайлау комиссиясына президенттік сайлауға үміткер ретінде тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сырғабаев Асқар Жорабайұлы, Алдажанов Сафиолла Қалабайұлы, Қойшиева Лимана, Әбдікәрімов Бақыт Төлегенұлы, Мырзашов Сухраб Аминжанұлы, Үктешбаев Есенбек Жапарұлы, Джунисбеков Якобжан, Жұман Қанат Тоқтарұлы және “Қазақстанның коммунистік халық партиясының” атынан ұйымның орталық комитетінің хатшысы Тұрғын Сыздықов үміткер болып тіркелген болатын.

Айта кетсек, 26 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сай 2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған президент сайлауына кандидаттарды ұсыну басталған болатын.

Источник: 24.kz