АЛТЫНОРДА
Новости

Путин гомосексуализм туралы заңға қол қойды

images (11)Астана. 1 шілде. Baq.kz – 30 маусымда Ресей президенті Владимир Путин кәмелетке толмағандар арасында гомосексуализмді насихаттаған және «азаматтардың діни сезімдерін қорлаған» адамдарға берілетін жазаны күшейту туралы заң жобасына қол қойды.

Заңға енгізілген түзету бойынша, интернетте және басқа да ақпарат құралдарында кәмелетке толмағандар арасында гомосексуализмді насихаттады деп айыпталғандарға 200 мың рубльге дейін айыппұл салынбақ.

Ар-ұждан бостандығы туралы заңға енгізілген түзету бойынша, «дін ұстайтындардың діни сезімін қорлау мақсатында қоғамды құрметтемейтін әрекеттер жасаған» адамдарға 300 мың рубль көлемінде айыппұл салынбақ.

Құжатқа сай діни ұйымдардың қызметіне араласу да қылмыс болып саналады.

azattyq.org