Ана атану – табиғаттан әрбір арудың басты парызы. Бүгінде бала тәрбиесімен қатар, ел назарында жүрген көпбалалы танымал аналар баршылық. Олар қоғамдағы және үйдегі рөлдерін үйлестіре біліп, көпшілікке үлгі бола білуде.
1. Виктория Момынбаева. 7 баланың анасы
Белгілі кәсікер Марат Момынбаевтың жары Виктория Момынбаева – 7 баланың анасы. Бір кездері сұлулық сайысының тәжін киген Виктория бала тәрбиесімен қатар, кәсіппен айналысып, қоғамға да белсенді атсалысуда.
2. Зағипа Балиева. 6 баланың анасы.
Мемлекетік маңызды мәселелрді шешіп жүрген билік ханымы Зағипа Балиева қоғамдағы басты рөлін ұмытпай, алты ұл-қызды өмірге әкеліп, өнегелі тәрбие беруде.
3. Ақнұр Жұмабаева. 6 баланың анасы
Бір-бірінің соңынан ерген қарагөздерді дүниеге әкелген көпбалалы сұлу аналардың бірі – Ақнұр Жұмабаева. «Күміс алқа» иегері Ақнұр 2011 жылы «Қазақстан аруы» атанған болатын. Оған қоса, консалтингтік компанияның басшысы.
4. Гүлшат Нұрпейісова. 6 баланы тәрбиелеуде.
Гүлшат Нұрпейісова жары Ерланмен кәсіпқой бишілер, би мектебінің иелері ретінде ғана емес, бақытты көпбалалы отбасының үлгісі ретінде танылып жүр. Бүгінде олар белсенді өмір салтын ұстанып, 6 баланың тәрбиесімен бірге айналысады.
5. Роза Әлқожа. 5 баланың анасы
Өлеңдерімен сыр шертіп, халқын әсем әнге бөлеп жүрген қазақтың сұлу да өнерлі қыздарының бірі Роза ұлт санын көбейтуде үлесін қосып, жолдасы екеуі тәрбиелі ұрпақ өсіріп отыр.
6. Қарақат Әбілдина. 4 баланың анасы.
Қарақаттың күміс көмей әншілігі мен ұлттық нақыштағы өнерін, өнегесін, жалпы нәзік те табиғи болмысын жұрт сүйеді. Жары Қыдырәлі екеуінің салған жолдары көпке үлгі-өнеге. Ал осы бір киелі шаңырақта өсіп келетін 4 бірдей батырлар да атадан озып туған азаматтар боларына күмән келтірмейді.
7. Құралай. 4 баланың анасы
Құралай ханым жақында ғана 4-ші перзентін дүниеге әкелген болатын. Жеке өмірі мен еңбек жолында да қол ұстасқан жұлдызды жұп бала тәрбиесінде де бір-біріне арқа сүйеп, ұл-қыздарын өсіруде.
8. Алтынай Жорабаева. 4 баланың анасы
Өнерде әрдайым белсенді әншілердің бірі Алтынай аналық парызын алға қойған арулардың бірі. Өсіп келе жатқан 4 бірдей қызына өз ізімен үлгі-өнеге көрсетуде.
9. Динара Сұлтан. 4 баланың анасы.
Әнші Динара Сұлтан да жақында 4-ші перзентін қолына алды. Үш бірдей әсем қыз балалардан кейін жолдасы екеуі ұл сүйді. Көбіне бала тәрбиесімен айналысып, сахнаға шықпаса да, өнерін тастаған жоқ.
10. Анар Көкеева. 4 баланың анасы
Ерлан мен Анар Көкеевтердің отбасы да таяуда ғана ұлды болды. Ал оған дейін үш қыз өсіріп келген жұлдызды әке жарына перзенттері үшін дән риза екендігін жиі айтатын. Ал бүгінде бұл бақытты отбасының қуаныштары есейе түсті. Анар ханым желілерде әрдайым ана ретінде, әйел ретінде өзге аналармен сырларымен бөлісіп отырады.
Дайындаған: Салтанат Пердешқызы
http://anabol.kz/post.html?id=1346