АЛТЫНОРДА
Новости

Ресей: Сарбаздар Украина шекарасын байқамай кесіп өткен

Ресей қорғаныс министрлігінің дереккөзі украиналық қарулы күштердің «Украинаның оңтүстік-шығысында қолға түсті» деген ресейлік сарбаздардың шекараны «аңдаусызда» кесіп өткенін айтады.

Министрліктің аты-жөнін атамаған өкілі ресейлік ақпарат агенттіктеріне сарбаздардың «қарауылдап жүріп шекараның белгіленбеген, айырым белгісі жоқ тұсынан кездейсоқ өтіп кеткенін» айтқан.

Бірақ Украина қауіпсіздік қызметі Донецкіден оңтүстік-шығысқа қарай 50 километр аумақта ұсталған он сарбаздың Ресейдің 98-әуе десанттық дивизиясының сарбаздары екенін айтады. Бұл жайында Украина әскерилері «тергеу кезінде алынған жауап» деп жариялаған видеода ресейік сарбаздардың өздері айтқан.

25 тамыз күні Украина армиясы сепаратистер сияқты киінген Ресейдің он әскери қызметкері он танкі және екі бронды техникамен Украина шекарасын бұзып өткенін, бірақ украин әскері оларға тосқауыл жасап, Новоазовск қаласы маңында тоқтатқанын хабарлаған.

Киев Мәскеуді Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистерді қолдап отыр деп айыптайды. Бірақ Мәскеу оны жоққа шығарып келеді.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140826/330/330.html?id=26550689