АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Ресейде тікұшақ қаланың ортасына құлады (ФОТО)

20151130094958 20151130094953Камчатка өлкесіндегі Елизово қаласында Ми-2 тікұшағы апатты жағдайда жерге қонды. Тікұшақта болған 3 адам зардап шеккен. БАҚ-тың хабарлауынша, олардың бірі қаза тапты, деп хабарлады ТАСС агенттігі. 

Тікұшақ қала орталығындағы Рябиков көшесі бойынша 50-ші үй маңындағы «Радужный» спорт кешенінің жанына келіп апатты жағдайда қонған.

«Үш адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Куәгерлер тікұшақ бірнеше секунд ауада қалқып, биіктіктен жерге құлғанын жеткізді», — деп хабарлады Камчатка өлкесі бойынша РФ ТЖМ.

Бортта үш адам болған, екі экипаж мүшесі, бір турист. Тікұшақ «Кречет» компаниясына тиесіл. Болжам бойынша, апатқа қозғалтқыштың техникалық ақауы себеп болған.

http://www.inform.kz/