Ресейдің lenta.ru агенттігі қамауға алынған фототілшісіне қолдау ретінде бүгінгі ақпараттарын суретсіз беретін болды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Бүгін осындай мәлімдемені Лента.ру редакциясы таратты. 26 қыркүйекте Мурманскінің Ленинск аудандық соты сайттың фотографы Денис Синяковты екі айға қамауға алған. Тергеушілер оны Гринпис ұйымының «Арктик Санрайз» кемесінде болғандықтан акция ұйымдастыруға қатысы бар, деп айыптап отыр.
Халықаралық экология қорғау ұйымының белсенділері Ресейдің Арктикадан мұнай өндіруіне қарсылық акциясын ұйымдастырып, мұнай өндіруші «Приразломная» тұғырнамасын жақын келген. Екі адам тіпті тұғырға өрмелеген. Қазір Гринпистің 30 белсендісі, 19 елдің азаматы Ресейде қамауда отыр.
BNews.kz «www.bnews.kz».