С. Сейфуллиннің 120 жылдығын кең көлемде атап өтуді тапсырды

АСТАНА. 3 ақпан. BAQ.KZ – Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев қазақтың біртуар ұлы Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығын кең көлемде атап өтуді тапсырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы биылғы жылы бірнеше ірі іс-шара өткізілетінін де айтты. Мысалы, Қарағанды қаласының 80 жылдығы, Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығы кең көлемде аталып өтуі қажет. «Бұл және басқа да мерейтойлық іс-шаралар жоғары деңгейде өтуі тиіс», — деді облыс әкімі.
Естеріңізге сала кетейік, С.Сейфуллиннің 100 жылдық мерейтойы 1994 жылы облыстың Жаңаарқа ауданында кең көлемде аталып өтілген болатын.

http://baq.kz/kk/history/397