АЛТЫНОРДА
Новости

Саакашвили: АҚШ Украинаға қорғаныс қаруын беруі керек

Грузияның бұрынғы президенті, қазір Украина президенті Петр Порошенконың кеңесшісі қызметін атқаратын Михаил Саакашвили АҚШ-ты Украинаға қорғаныс қару-жарағын беруге шақырды.

4 наурызда АҚШ сенатының сыртқы істер комитетінде сөйлеген Саакашвили Украинаға Ресей басқыншылығын тоқтату үшін танкіге қарсы қолданылатын қару сияқты қару-жарақтар қажет екенін мәлімдеді. Ол «қару-жарақсыз ешқандай елде реформалар жүргізілмейтінін» айтты.

Германияның Украинаға қару-жарақ беруді қолдамайтынын айтқан Саакашвили АҚШ еуропалық мемлекеттермен бірге әрекет етуі тиіс деген ұстанымға қарсы екенін білдірді.

Ол Ресей Украинаның оңтүстігі мен шығысында барынша көп территорияны басып алып, Киевте тұрақсыздық орнатуы мүмкін деген болжамын айтты.

Саакашвили 2008 жылы тамыз айында Ресей мен Грузия арасында қысқа мерзімідік қарулы қақтығыс кезінде президент болған. Cол қақтығыстан соң Ресей жікшіл Оңтүстік Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін мойындаған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150305/330/330.html?id=26882909