АЛТЫНОРДА
Новости

Сайлау қарсаңында Украинада қақтығыс тыншымай тұр

Украинаның шығысында ресейшіл жауынгерлер мен Украина армиясының қарулы қақтығысы жалғасып жатыр. Ал 25 мамыр күні өтетін президент сайлауына бір-ақ күн қалды.

Елдің шығысындағы сепаратистер өздері тұратын аймақтардағы сайлауды өткізбей тастаймыз деп мәлімдеді.

Киев сайлау қарсаңында сепаратистерді тыныштандыруға  тырысып отыр. Донецк облысында жүрген Associated Press репортерлерінің хабарлауынша, 24 мамыр күні олар Карловка селосының маңынан Украина армиясының екі солдатының мәйітін көрген. Олардың денесі сепаратистер құрған тосқауыл бекетінің маңында жатқан.

Әзірге сепаратистер де, Киев те бұл туралы мәлімет тараптай отыр. 25 мамыр күні өтетін президент сайлауын бақылау үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) миссиясы Киевке 23 мамыр күні келді.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140524/330/330.html?id=25396613