Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Адель ибн Ахмед әл-Джубейр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі бейбітшілікті сақтаудағы үлесін жоғары бағалады және ол қос елдің дипломатиялық байланысының жоғары деңгейде екенін айтты. Бұл туралы ол ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайдыbnews.kz тілшісі.
«Сіздердің басшыларыңыз ядролық қарудан бас тарту арқылы тарихи шешім қабылдады. Бұл Қазақстанның әлемдегі бейбітшілікті сақтаудағы символына айналды», — дейді Адель әл-Джубейр.
Сонымен қатар, Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдардан бастап дамып келе жатқанын және Қазақстанмен байланысты одан әрі нығайта түсетіндігін баса айтты.
«Тәуелсіздік алған жылдардан бастап сіздер дамудың сара жолындасыздар. Сауд Арабиясы мен Қазақстан ұзақ мақсатқа негізделген қарым-қатынас орнатып келеді. 1200 жыл аралығында біздің мәдениетіміз бір-бірімен тығыз байланысты болды. Біздің ойымызша Қазақстан мен Орталық Азия өңірі ислам өркениетінің ошағы. Сондықтан біз осы байланысты үзбей, одан әрі нығайта түсуді көздейміз», — дейді Сауд Арабиясының өкілі.
Толығырақ: http://alashainasy.kz/politic/saud-arabiyasyi-kazakstanmen-baylanyisyin-odan-ar-damyituga-muddel-83322/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі