АЛТЫНОРДА
Новости

Сепаратистер украин тілшіні тұтқынға алды

«Өзін өзі жариялаған «Луганск халық республикасының» сепаратистері 30 маусым күні кешке украиналық «Громадське ТВ» (Hromadske TV) интернет каналының журналисі Анастасия Станко мен оның қасындағы операторды ұстады» деп хабарлады осы телеарнаның баспасөз қызметі.

«Луганск халық республикасының» өкілдері журналистердің ұсталуына байланысты әзірге ешқандай мәлімдеме жасамады. Кейбір ақпараттарға қарағанда, журналистер Луганск қаласының орталығындағы ғимараттардың бірінде қамауда отыр.

Телеарна ұжымы оқиғаға қатысты алаңдаушылық білдірді. Арна басшылығы сепаратистерді журналист пен оператордың хал-ахуалы туралы ақпарат беруді және оларды босату үшін қоятын талаптарын жариялауға шақырды.

Бүгін, 1 шілде күні Азаттықтың Украин қызметі ресейшіл сепаратистердің тұтқынында отырған тарихшы, Луганск мемлекеттік университетінің оқытушысы, облыстық «Просвита» ұйымының төрағасы Владимир Семистягтің қайтыс болғанын хабарлады.

Оқытушы 23 маусымда ұсталып, содан бері облыстық әкімшілік кеңсесінде қамауда отырған. Жүрегі ауыратын Семистягтің 27 маусым күні талмасы ұстаған. Тарихшының өлімі туралы ақпарат жасырылып отыр.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=25441196