АЛТЫНОРДА
Новости

Сепаратистер Украинада қалалық кеңесті басып алды

Украинада ресейшіл сепаратистер Горловка қалалық кеңесі мен қалалық милиция бөлімдерін басып алды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Горловка қалалық әкімшілігі қалалық кеңесті қарулы 20 шақты ер адамның басып алғанын растаған.

29 сәуірде Луганск облысының Красный Луч қаласының қалалық кеңесіне Ресей туы тігілген еді.

29 сәуірде милиция арнайы жасағы мен антитеррористік орталық қызметкерлері Донецк облысы Славянск ауданына қарасты Черкасск ауылы мен Славянск қаласы маңындағы өткізу бекеттерін қарулы топтардан босатқан. «Украинская правда» агенттігінің хабарлауына қарағанда, операция кезінде ешкім зардап шекпеген.

 

http://www.azattyq.org/archive/news/20140430/330/330.html?id=25367798