АЛТЫНОРДА
Блог Серика Малеева

Серік МӘЛЕЕВ. Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетовтың қызметтен кетіруге петиция

серик«Алтынордада» еліміздің бас банкирі Қайрат Келімбетовтың қызметтен кетуі үшін  қол жинауды ұсынамын. Мәселен, мен бала емеспін, бүгін «ел ағасы» атанған жасқа келдім, бірақ өмірімде мені бұлай ешкім алдаған емес. Ал оның мені ғана емес, бүкіл Казахстан халқын алдағаны көңілді жұбатпайды, қайта, керісінше, ызаңды одан самай қоздырады.

Ал енді оқиғалар тізбегіне назар аударайық. Кеше, яғни, жетінші ақпанда ғана Ресей рублінің күрт құлайтыны айтып, сәуегейлік танытқан Келімбетов, «теңгенің айырбас бағамын реттеуге Қазақстанда барлық мүмкіндіктер бар, қажет болса,әрекет етуге дайынмын» деп, көңілімізге медет беріп, ант-су ішкен болатын.

Сөйтіп, ол бізді сабыр сақтауға шақырып, тыныштандырған-ды. Не мен, не менің таныстарым, біздің ешқайсымыз валюта айырбастау орындарына барып, теңгемізді долларға айырбастаған жоқпыз. Біз оның сөзіне  имандай сендік. Ал ол біздің барлығымызды алдап соқты.

Тағы бір ескерту – Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Григорий Марченко да талай сан соқтырған еді, бірақ оның ұяты бар болатын, келесі күні істеген ісін мойындайтын. «Иә, солай болды. Бірақ ол еліміз үшін керек», — дейтін ол.

Ал мынау, тіпті, істеген ісін мойындағысы келмейді. Ұялмай «бағамның көтерілетінін менің өзім кеше түнде ғана білдім», —  дейді.

Сонда не болғаны? Келімбетовке не өтірікті шындай айтуды үйрену керек, не болмаса, Ұлттық банктің төрағасы ретінде еліміздің қаржы саласында не болып жатқандығын білмейтінін ашық мойындау қажет. Дегенмен екі жағдайда да ол қызметінен кету керек.

Ал ашу тудырған ең басты себеп – осы девальвацияның бәрі Президенттің «Қазақ Елі» туралы идеясы қызу талқыланып, елімізде бастаманы қолдайтындардың саны күннен күнге артып келе жатқан шақта орын алып отыр. Осы сәтте кенет Келімбетов келді де, бәрін күл-талқан етті. Неге ол басқа уақытты таңдамады? Ол Мемлекет басшысының идеясын қолдаған  біздің барлығымызды, журналистерді, саясаттанушыларды мен сарапшыларды жерге қаратып, толық нақұрыс ретінде көрсетті. Ал ең сорақысы, ол Президенттің өзін жерге қаратты. Егер мұндай жағдай осыдан алпыс жылдай бұрын, Сталиннің кезінде орын алса, Келімбетов бушлат киіп, қиыр шығысқа партия мен халық жоспарын орындау үшін орман отауға бара жатушы еді.

Ал қазір ешқандай шара қолданылмайтын сияқты. Алайда олай болмауы керек. Мейлі, ол Ұлттық банк басшысының миллиондаған адамдардың ашу-ызасын тудырған біліксіздігі немесе оның стратегиялық болжам жасауға қабілетсіздігі болса да. Кінәлі сазайын тартуға тиіс.

Енді, еліміздің Ұлттық банкінің төрағасы, егер ол парасатты болса, банк есеп-шоттары мен депозиттерінде осыған дейін жатқан халықтың  салымдарын теңгеруге тиіс деп есептеймін. Өйткені, халықты бұлай тонауға болмайды. Ол ұят нәрсе!

Ал «Алтынорда» оқырмандарына еліміздің қазіргі бас банкирінің қызметтен кетуіне қол жинауды ұсынамын. Қазақстанның басқа басылымдарын осы идеяны қолдауға шақырамын.

 Бірінші қол. Серік Мәлеев.

Аударған Қайрат Матреков