АЛТЫНОРДА
Новости Алматы

«Шамға қарап отырудан» 75 жасар алматылық рекорд орнатты

1444130586de7wz-620x400Алматыда 75 жасар Жан ата өзінің бесінші өзгеше рекордын орнатты. Бұл жолы ол 2,5 сағат бойы кірпік қақпай жанып тұрған шамға қарап отырған, деп хабарлайды Today.kz.

Процес Гинесс рекордтар кітабының өкілдерінің, халықаралық қазылар мен сарапшылардың қатысуымен өтті. Нәтижесінед Жан ата жанып тұрған шамға 26-27 сантиметр қашықтықта 2 сағат, 25 минут және алты секунда қарап отырды. Енді ақпарат Лондонға Гиннесс рекордтар кітабына тіркеуге жіберіледі.

Жан атаның айтуынша «шамға қарау» оның бесінші әлемдік рекорды.

«Алғашқы рекорд 1992 жылы – екі сағатта 4 444 рет отырып тұрдым. Бұны әлі ешкім қайталамады. Екінші рет осы рекордты 5 105 рет отырып тұрып жаңарттым. Үшінші рет мен 6 150 грамдық темірді төрт сағатта 9 000 рет демалмай бір орында көтердім», — дейді ол.

Төртінші рекордты ол көпшілік алдында орындаған. Ол бес килограмдық темірді жатып алып кеудеге көтеру кезінде бес сағат бойына 11 111 рет көтерген.

Сондай-ақ, ол бесінші рекорд үшін неге шамды алғанын түсіндірді.

«Бұл екі есе күш. 26-27 сантиметр қашықтықта көру нервіне, көз ұясына, қарашыққа үлкен күш түседі. Мұны әркім істей алмайды. Мұны қайталауға кеңес бермеймін, өйткені, көздің торын күйдіріп, көзге зақым келтіру мүмкін», — дейді Жан ата.

Сондай-ақ, рекордсмен өзі туралы айтып берді.

«Мен әскеримін, 35 жыл қызметте болдым. Бокс пен дзюдодан КСРО-ның спорт шеберімін. Юрий Андроповтың тапсырмасымен бес жыл Шаолинь ғибадатханасында өмір сүрдім», — дейді рекордсмен.

Оның айтуынша, ол жаңа рекордқа дайындалуда – Медеу мұзайдынынң сатысына қолмен көтерілу.

Осы жолғы рекордын ол Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан Президенті мен халқына арнады.

«Жастарға үлгі көрсете алатын қарттардың барын көрсеткім келеді», — дейді Жан ата.

http://today.kz/